Тоқаев дәрігерлер қаржылай қолдауға лайықты екенін айтты
"Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады", - делінген президенттің twitter парақшасында. Айта кетейік, еліміздегі қауіпті індетке шалдыққандардың саны 229 адамға жетті. "Нұр-Сұлтанда – 135, Алматыда – 60, Қарағанды облысы – 7, Шымкентте – 2, Ақмола облысы – 6, Алматы облысы – 4, Ақтөбе облысы – 1, Атырау облысы – 5, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 3, Қызылорда облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік-Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1", - делінген хабарламада. Коронавирустан 18 адам жазылды, ал 1 адам қайтыс болды.
Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/61486/
Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/61486/