» » Әкімдіктің үш қызметкері коронавирус жұқтырған

Әкімдіктің үш қызметкері коронавирус жұқтырған

Петропавлда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 3 қызметкері коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда 31 наурызда бөлімнің бір қызметкерінен коронавирус анықталған. Кейін тағы екеуі жұқтырған.
"Пневмонияға шалдыққан әйел жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс істейді. Оның екі әріптесі 49 және 45 жастағы әйелдер. Олар вирусты жұмыста жұқтырып алды деп болжап отырмыз", - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.
"Пневмонияға шалдыққан әйел жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Онымен байланыста болған 73 адам да оқшауланды. Барлығынан сараптама алынды", - деді ол.
Сондай-ақ, брифинг барысында жұмыспен қамту бөлімінің оқшауланып, қажетті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгені айтылды.
Айта кетейік, СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 7-ге жетті. Ал Қазақстан бойынша вирусты 402 адам жұқтырған.
02 сәуір 2020 ж. 568 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930