» » Дәм мен иіс сезудің жоғалуы – коронавирус белгісі

Дәм мен иіс сезудің жоғалуы – коронавирус белгісі

Дәм сезу мен иіс сезудің жоғалуы – коронавирусқа шалдыққан науқастардың басты белгісі. Лондон қаласындағы Король колледжінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр.

Мамандардың айтуынша, коронавирусқа шалдыққан-шалдықпағанын тексеру үшін тест тапсырғандардың 59 пайызынан дәм сезу мен иіс сезудің жоғалуы сынды белгілері байқалған.

Мұндай адамдардың коронавирусқа шалдығу мүмкіндігі 3 есе көп әрі аталмыш белгілер байқала бастаған сәтте 7 күнге дейін карантинде жатқаны жөн.

Ғалымдардың зерттеуінше, дәм мен иіс сезудің жоғалуы дене қызуының көтерілуіне қарағанда аурудың әлдеқайда дәлірек диагнозы болып отыр.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың басты белгілері қатарына құрғақ жөтел мен дене қызуының көтерілуін жатқызған еді. Енді бұған дәм сезу мен иіс сезудің жоғалуын да енгізуге болады.

08 сәуір 2020 ж. 836 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31