» » Қызылорда: Инфекция жұқтырғандар саны 92-ге жетті

Қызылорда: Инфекция жұқтырғандар саны 92-ге жетті

Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 7 жағдай туралы ақпарат (09.04.2020 жылғы сағат 08:55-тегі мәлімет бойынша)
Ауру жұқтырғандардың бесеуі Шиелі ауданында, біреуі Сырдария ауданында және бір жағдай Қызылорда қаласында тіркелді.
Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
09.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 92 адам анықталды:
Қызылорда қаласында – 10
Жаңақорған ауданында – 16
Қармақшы ауданында – 4
Шиелі ауданында – 52
Сырдария ауданында – 8
Арал ауданында - 2
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
09 сәуір 2020 ж. 520 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930