» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖАТЫР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖАТЫР

Қазір елдегі жағдай ешкімге де оңай тиіп жатқан жоқ. Десе де төтенше жағдай кезінде мемлекет бекіткен тәртіпке бой ұсыну – баршамызға ортақ парыз. Бұл жағдай кейін барлық саланың серпін алуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Тек кәсіпорындар жұмысының жандануы мен ел қазынасының еселенуіне ғана емес, әрбір отбасының әлеуетінің артуына да бұл дерттің дендеуі оңай тиіп жатқан жоқ. Осы ретте барша отандастардың отбасылық жағдайына алаңдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті шаралар қабылдап, Үкіметке нақты тапсырмаларды жүзеге асыруды міндеттеді.

Жалпы ҚР Президенті осыған дейін де белгілі бір санаттағы азаматтардың бір реттік несиесін кешіру, он сегізге толмаған төрт баласы бар отбасының ата-аналарына әр балаға 21 теңгеден жәрдемақы тағайындау сияқты оң шешімдер қабылдағанын көріп жүрміз. Елдің әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар бүгінгі төтенше жағдай кезінде де жалғасын тапты. Мәселен, халыққа тағайындалған 42 500 теңге әлеуметтік төлем мұндай жағдайда елдің еңсесін түсірмеуге бірден-бір себеп болды десек, қателеспеспіз. Мұнан бөлек азық-түлік ретінде де мемлекет тарапынан тағы да қолдау болды. Қазір студент жастар, жұмысынан айырылған жалдамалы жұмыскерлер, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған ата-аналар мұндай мемлекеттік көмектің игілігін көріп отыр.
Қиын кезеңде халықтың әлеуетіне алаңдап, қыруар қаржы жұмсау ел қазынасына да оңай соқпайды. Десе де халықтың жағдайын бірінші кезекке қойып отырған Мемлекет басшысы осындай батыл қадамға барып отыр. Мұндай қолдаулар тек жеке адамдарға ана емес, барлық саланың тың серпін алуына жасалып жатыр. Ауыл шаруашылығына 200 млрд және қосымша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 70 млрд теңге бөлінді. Медицина саласына қаншама қолдау көрсетіліп жатқанын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дертпен күресетін дәрігерлердің айлығына қосымша бірнеше айлық есептік көрсеткішпен үстемақы қарастырылып отыр. Сондай-ақ жұмыс барысында кеселді жұқтырған дәрігерлерге де, науқастарға да қосымша қаржы төлеу жұмыстары жүзеге асты.
Мемлекет басшысы қабылдаған оң шешімдер халық әлеуетінің артуына оң әсерін тигізіп жатыр. Мұндай елдегі жүзеге асып жатқан шараларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Енді біздің алдымызда тұрған жалғыз міндет – мемлекет бектікен тәртіпке бағына отырып, қауіпсіздік шараларын мейлінше сақтау. Мұның бәрі уақытша нәрсе. Сондықтан бұл кезеңді де еңеретінімізге сеніміміз мол.

Дина МИРМАН,
«Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
22 сәуір 2020 ж. 406 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930