» » » Сақтық шараларың қатаң сақтамай болмайды

Сақтық шараларың қатаң сақтамай болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай мерзімін ұзарту туралы тапсырма беруі бекер емес. Өйткені қазір Қазақстан халқы ғана емес, бар адамзат қысылтаяң кезеңді бастан өткеруде. COVID-19 вирусының аяқ астынан таралып, бар әлемді шарпып кетуі қай тұрғыдан да оңай тиіп жатқан жоқ.
Бұл – бұрын болмаған белгісіз вирус. Емі де анықталмаған. Ең жаманы, адамды өлімге жетелейді, вирустан науқас көз жұмуы мүмкін. Осы уақытқа дейін әлемде құс тұмауы, шошқа вирусы сынды аурулар болды, бірақ дәл мұндай вирус түрі жоқ еді және осындай кең ауқымда тарамаған болатын. Сондықтан, ең бастысы – қорғану. Кез келген адам аурудан  сақтанбаса, жеке бас гигиенасын ұстанбаса, тез жайылып кетуі мүмкін. Әсіресе, жасы ұлғайған, иммунитеті әлсіз адамдар көп адам жиналатын жерлерге бармағаны дұрыс. 
Бізде бұл вирустың қауіп­тілігіне мән бермей жүрген, сақтық шараларын жүргізбеген адамдар әлі де көп. Әр адам өзінің және жақын-жуықтарының денсаулығы үшін жауапты екенін сезінуі тиіс. Жерлестерімді карантин шараларын қатаң сақтауға шақырамын. 
Тұрғанбай МАХАНОВ,
денсаулық сақтау саласының ардагері,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
11 сәуір 2020 ж. 497 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930