Сода барлық бактерияны жояды
Коронавирус инфекциясы заттардың бетінде 1-3 күнге дейін сақталып қалады екен.
Сіз сатып алып келген азық-түліктен кез келген уақытта (инфекция бар болса) вирус жұқтырып алуыңыз мүмкін. Осындай кезде дүкеннен сатып алып келген азық-түлік қорабының сыртын дизенфекциялау керек пе? деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа микробиолог және тамақ қауіпсіздігі бойынша сарапшы Дональд Шаффнер жауап берген.
Қазіргі кезде тамақпен бірге коронавирустың ағзаға енетіні нақты дәлелденбеген. Бірақ көпшілік дүкенен сатып алған зат қорабында вирус сақталады деп алаңдайды. Себебі басқа бір сатып алушы корнавирусты жұқтырып, оны өзі білмей басқаларға таратуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткеніміздей өнімнің қаптамасы әдетте картоннан немесе пластиктен жасалғандықтан, вирус олардың бетінде 1-3 күнге дейін сақталады.
Тамақты дезинфекциялау
Дональд Шаффнердің айтуынша, сатып алған тамақ қорабында вирус бар деп оны балкон немесе басқа жерге 3 күн бойы «карантинге» қоя алмаймыз. Себебі 3 күн ішінде көптеген азық-түлік түрлері бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде адамдар вирустан емес бұзылған тамақтан уланады.
Біріншіден, дүкеннен келген соң, қолыңыз бен бетіңізді мұқият сабындап жуып, кейін антисептикпен дизенфекциялау керек. Екіншіден, алып келген заттарды бір-бірлеп жуу керек. Содан соң ғана оларды тоңазытқышқа салуға болады.
Жаңа піскен жеміс пен көкөніске басқаша дизенфекция қажет. ScienceAlert ғылыми басылымының жазуынша, мұндай өнімдерді сабынмен жуудың қажеті жоқ, өйткені сабын бөлшегі адам ағзасына еніп, нәтижесінде жүрек айнуын, құсуды және диареяны тудыруы мүмкін.
Бірақ қазіргі жағдайда сабынды қолдануға болады, бастысы – жуудан кейін өнімдерді жақсылап шайып тастау керек. Егер сабын қолданғыңыз келмесе оның орнына сода қолдануға болады. Cода барлық бактерияны жояды. Әйгілі коронавирусқа қоса, әлемде басқа да бактериялар барын ұмытпаңыз. Әрқашан қол мен заттарды мұқият жуу керек, бірақ адамдар пандемия басталғаннан кейін ғана оның маңызын түсінді.
Massaget.kz