» » "Тұмауға ұқсайды". Дәрігер Қытайда өршіп тұрған вирустың басты белгілерін атады

"Тұмауға ұқсайды". Дәрігер Қытайда өршіп тұрған вирустың басты белгілерін атады

Дәрігер вирустың алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында тарағанын айтады. Сол кезде бұл вирустан бір адам қаза тапқан дейді. "Соңғы жылдары бұл вирус аса көп таралып жатқан жоқ. Әдетте вирустың белгілері тұмауға ұқсайды. Жөтеліп, тұмауратады, кеуде қуысы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Басты айырмашылығы - ауру ұзаққа созылып, өкпе қабынуы мүмкін. Яғни тыныс алу мүшелері зақымдана бастайды. Көбіне вирусты бүйрек жетіспеушілігі, диабет, өкпенің созылмалы ауруларына шалдыққан және иммунитеті төмен адамдар тез жұқтырады", - дейді инфекционист. Вирусолог осы санаттағы адамдарға гигиена сақтап, абай болуға кеңес береді. "Дәл қазір медицинада бұл вирустың 6 түрі анықталған. Бұл вирус адамдарға да, жануарларға да жұғады. Ол вирустардың төртеуінің басты белгілері әдеттегі тұмау сияқты. Ал қалған екі вирус түрі өте қауіпті болып саналады. Ол вирустан емделу мүмкін емес. Вирустың қандай да бір белгілері байқалған жағдайда жедел жәрдем шақырып, вирустың бар-жоғын анықтау үшін сараптамалар алынады. Бірінші кезекте, коронавирусқа сараптама алады", - дейді дәрігер. Қытайдың сырлы вирусы. Алаңдауға негіз бар ма? Гүлмира Сәбитова шетелге барар алдында бірнеше ережені сақтауға кеңес береді. "Саяхаттауға барсаңыз, Қытай немесе басқа ел болсын, ет немесе теңіз өнімдері сататын базарларға, жануарлар бағына және жануарлар көп жүретін аумақтарға бармауға кеңес беремін. Себебі бұл жерлерде вирус өте тез таралады. Сондай-ақ, суды асханадан ішпей, дүкеннен бөтелкедегі суды сатып алу керек. Ең бастысы маска киіп жүру қажет", - дейді дәрігер. Аурудың алдын алу үшін мынадай шараларды қабылдаған жөн: - үйді үнемі желдетіп отыру және таза ұстау; - таза ауада серуендеп, қалыпты дене қозғалысын сақтау; - массаж, дене шынықтыру, су процедуралары сияқты жалпы иммунитетті нығайтатын шараларға көңіл бөлу; - салауатты өмір салтын ұстану; - бойды үнемі жылы ұстау; - тыныс алу органдарының созылмалы ауруларынан уақтылы емделу. Айта кетейік, бастапқыда кейбір дереккөздер мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер оны жоққа шығарған болатын. Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптенеді. Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/janalyiktar/60583
25 қаңтар 2020 ж. 1 071 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930