» » Желшешек – жұқпалы ауру

Желшешек – жұқпалы ауру

Желшешекке көбінесе балалар шалдығады. Оларда ауру көбінесе асқынбай өтеді. Ал ересектерге желшешек ауыр тиеді. Денесінің ауруға қарсы тұру қабілеті төмендеген, жасы ұлғайған науқастар тіпті ажалға ұшырауы да мүмкін.
Желшешек — әдетте кеселге шалдыққан адамның аузынан шашыраған түкірік арқылы таралады. Бұл инфекцияны жұқтырған адам 10 күннен әрі қарай ғана ауырады. Сырқаттың белгілері содан кейін барып байқалады. Дерт байқалғанға дейінгі аралықта науқас кісі маңайындағылар үшін өте қауіпті және ол еш кедергісіз таралады. Желшешек инфекциясын жұқтырған адамның алғашқыда денесі қалтырайды, қызуы көтеріледі, басы ауырып, өне бойы дел-сал күйге түседі. Іші де ауруы ықтимал. Аурудың осындай негізгі белгілері күшіне мінбей тұрғанда, одан бірер күн бұрын денені ұсақ бөртпелер басып кетеді. Бұл кезде науқастың дене қызуы көтеріледі, басына, иығына, арқасы мен кеудесіне, бет-аузына қызыл бөртпелер шығады. Олар дуылдап, қышып ауырады. Мұндай бөрткендердің кейде жыныс мүшесінің маңайына да шығуы ғажап емес. Қызыл бөрткен біреулердің терісін тұтас басып кеткенімен, енді біреулердің денесінің әр тұсынан аздап-аздап қана білінеді. Олардың үсті алғашқыда күлдіреп тұрады. Кейіннен осы күлдіреген тұстар қатайып, қабыршақтанады. Ауру 2 аптаға жуық созылады, бөрткендер де сол кезде кетеді.
Желшешекпен адам өмірінде бір-ақ рет сырқаттанады. Алайда денеде сол бір рет сырқаттанған кездің өзінде ауру тудырушы вирус қалып қоюы ықтимал. Түптің түбінде өзінің белгілерін байқатпай қалмайды. Қай жастағы адамнан да кездесе беретін белдеу теміреткі, ұшық дегеніңіз – желшешектен қалып қойған осындай вирустың салдары.
Желшешектен айыққанда теріде одан дақ қалуы мүмкін. Мұндай дақ көбінесе жарты жылдың маңайында өзінен-өзі кетеді. Кей жағдайда өмір бойы сақталуы да ықтимал. Сонымен қатар желшешектің соңы бактериялық сырқаттарға ұласуы да аз кездеспейді. Мысалы, ол асқынған жағдайда өкпені вирустық қабынуға, энцефалитке ұшыратуы жиі ұшырасады. Вирусты энцефалит — бұл мидың ауруы. Оған шалдыққан адамның қызуы көтеріледі, ақыл-есінен айырылады. Аяқ-қолы шаншып ауырады. Желшешек бұлай асқынған жағдайда науқас жедел ауруханаға жеткізілуі тиіс.
Желшешек ауруы кенет күшейіп, аяқ-қолға таралса, басты ауыртса, тыныс алуға кедергі келтірсе, қалай да тездетіп дәрігер шақыру керек. Алғашқы көмек көрсетілгенше науқасқа салқын сусындарды көбірек ішкізу керек және қызуды түсіретін парацетамол дәрісін берген жөн. Желшешек асқынбауы үшін емнің ерте басталғаны дұрыс. Яғни денеде алғашқы бөрткендер пайда болысымен дәрігерге көріну керек. Араға 1-2 күн түсті дегенше, ауру күшіне мініп, асқынады.
Балаларлы желшешектен қорғау үшін нәресте жасқа толысымен вакцина егіледі. Ал егер ересек адам бұрын желшешекпен ауырмаған болса, мейлінше сақтанып жүргені дұрыс. Ал желшешекке шалдыққан адамға жоламағаны дұрыс. Әсіресе егде тартқандардың, жүкті әйелдердің желшешекпен ауырып жүрген адаммен емін-еркін араласуына болмайды.
03 қаңтар 2020 ж. 824 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930