» » Қызылша – қандай ауру?

Қызылша – қандай ауру?


Қызылша – қандай ауру?
Инфекциялық жұқпалы ауру. Көбіне балаларда кездеседі. Кейбір кезде соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Ауруға қарсы екпе алмаған адамның оны жұқтырып алуы әбден мүмкін.
Негізгі белгілері:
  • Әлсіздік;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Бас ауруы;
  • Ұйқысыздық;
  • Тамаққа тәбеті болмау.
  • Мұрын бітеліп, құрғақ жөтел болу мүмкін. 3-8 күнде денесіне бөртпе шыға бастайды.
Ауру қалай жұғуы мүмкін?
Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады. Кезінде қызылшамен ауырған әйелден туған бала 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені, оның бойында анасынан берілген аурудан қорғайтын қарсы денелер (антитела) уақытша сақталады. Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда кез келген жаста, тіпті өмір бойы бұл ауруға шалдығу қаупі сақталады.


Диагностикасы
Егер аурудың белгілері байқалса, сау адамдарға жұқтырмас үшін қарым-қатынасты дереу тоқтату керек. Мұндайда бірден емханаға бару керек. Зертханалық сынамаларын алғаннан кейін диагнозды инфекционист-дәрігерлер қояды. Ауру адам қан және зәр тапсырады. Дәрігердің жолдамасымен тағы да қажетті анализдерді тапсыруы ықтимал. Дәрігерлер аурумен қарым-қатынаста болған адамдарың бәрін 21 күн бойына тексереді.


Аурудың салдары
Вирустың алдын алмаса пневмония, энцефалит ауруларына шалдығу қаупі бар. Сол үшін дер кезінде дәрігерге жүгіну керек. Көбіне қызылшамен 5 жасқа дейінгі балалар немесе 20 жастан асқандар ауырады. Оларда құлақ қуысы, мойын тұсы ауырады, көз ауруы барларда соқырлыққа дейін асқыну қаупі болуы мүмкін. Сондықтан учаскелік дәрігер ауруды жиі бақылап тұруға тиісті.


Қызылшаны қалай емдейді?Арнайы емдеу тәсілі жоқ. Ауру жұқтырған науқастарға төсекте жату, сұйықтықты көп ішуге кеңес беріледі. Қызу түсіретін, мұрын бітелуіне және тамақ ауруына қарсы дәрілер мен витаминдер тағайындалады. Ауруы асқынғандар ауруханаға жатқызылады.

Ауырмас үшін не істеу керек?
Ең тиімді әдісі – екпе алу. Екпе бала бір жасқа толғаннан кейін үш айдың ішінде салынады. Одан соң алты жасында тағы салынады. Дәрігерлер екпе алмағандарға емханадан оны тегін салдыруға болатынын ескертеді.
Алдын алу шарасы ретінде бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау ұсынылады. Науқас адамның үйіне, ауру өршіп тұрғанда адам көп жерлерге бармауға кеңес беріледі. Халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру көмектеседі.


     аға патронаж мейірбикесі: Тұрғанбаева Гүлназ Бахытбекқызы
08 ақпан 2019 ж. 1 313 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930