ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР ХАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНЕ ДЕМ БЕРДІ
Төтенше жағдайдың кезінде Мемлекет халықпен бір екенін тағы бір дәлелдеді. «Неге?» деген сауал туындаса, мұндай қиын кезеңде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шаралар сауалыңыздың түйінін тарқатары анық. Бір ғана 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді мысалға алайық. Қазір қаржылай қолдаудың бұл түріне қазақстандықтардың басым бөлігі қол жеткізді. Тегін азық-түлікпен қамтамасыз етілген отбасылар да жоқ емес. Мұның бәрі халықтың төтенше жағдай кезінде тұрмыстық сапасының төмендемеуіне оң әсерін тигізді.
Кеше ҚР Президенті өз сөзінде елдегі төтенше жағдай режимі уақытының әлі де ұзаратынын айтқан болатын. Бұйыртса , алдағы уақытта бұл жағдайға қатысты үндеу де жариялайды. Біз ТЖ жариялану уақытының әлі де ұзартылуына түсіністікпен қарағанымыз абзал. Себебі Мемлекет басшысы қабылдаған әрбір шара осы халықтың денсаулығына, тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеуге бағытталып отыр.

Нұржан АМАНДЫҚ,
Аудан жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі төрағасы