Қызылорда: Айыққандар қатары артып келеді
Соңғы тәулікте облыстан тағы 3 адамнан СОVID-19 вирусы білінген. Оның екеуі Қызылордадан, біреуі Қазалы ауданынан тіркеліп отыр. Барлығы да бұрыннан бақылауда болған азаматтар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Әбдісәметов мәлімдеді.
– Жалпы облыс бойынша 182 науқас тіркелді. Оның ішінде, 110-ы сауығып шықты. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 2830 азамат анықталды. Оның 1495-сі жақын, 1335-і жанама байланыста болған, – деді бас дәрігер.
Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 72 науқас ем қабылдап жатса, 54-і провизорлық стационарға, 452-сі карантиндік бақылауға жатқызылған.
Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 72 науқас ем қабылдап жатса, 54-і провизорлық стационарға, 452-сі карантиндік бақылауға жатқызылған.