Ресейде оқып жатқан 42 сырбойылық студент бүгін Қызылордаға келеді
Қызылорда облысында соңғы тәулікте жаңадан СОVID-19 вирусы тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Облыс бойынша 151 жағдай. Оның 26-сы сауығып шықты, 125 науқас стационарлық емдерін жалғастыруда. Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 2200 адам анықталды. Оның ішінде, 1162 -сі жақын қарым-қатынаста, 1038-і жанама байланыста болған», – деді брифингте бас дәрігер.Айта кетейік, бүгін Ресей елінен 42 студент келеді. 1 «Б» категориясына жататын елден келетіндіктен олардан арнайы тест сынамалары алынып, үй жағдайындағы карантинге қатаң бақылауға алынады. Қандай да бір күдік пайда болған жағдайда олар бірден провизорлық карантинге жатқызылмақ.