» » Жалағашта қорадан жылқы ұрлаған қала тұрғыны ұсталды

Жалағашта қорадан жылқы ұрлаған қала тұрғыны ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлаған қаскөйді ұстады.
23 сәуір күні Жалағаш аудандық полиция бөліміне Аққұм ауылының тұрғынынан қорасында тұрған бір жылқысының ұрланғандығы туралы шағым түскен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ізін суытпай полиция қызметкерлері 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа да мал ұрлығы дерегіне қатыстылығы тексерілуде.
Ұрланған жылқы иесіне қайтарылды. Аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
29 сәуір 2020 ж. 493 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 343

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031