Баға бақылауда
Жалағаш ауданыңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында баға бақылауға алынып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы бірлесіп, кент орталығындағы азық-түлік сататын дүкендерде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу барысында жалпы әлеуметтік маңызы бар 9 өнім шекті бағадан аспағаны белгілі болды.
– Кенттегі азық-түлік сауда дүкендеріне күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр. Мониторинг жұмыстарының мақсаты - карантин кезеңінде тұрғындар үшін азық-түліктің қол жетімділігі, олардың сапасы мен бағаларының тұрақтылығына көз жеткізіп, қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Н.Ұзақбаев