» » Жүрекке пайдалы өнім түрі анықталды

Жүрекке пайдалы өнім түрі анықталды

Ғалымдар жүрек жұмысына жағымды әсер ететін өнімді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жаңғақтар

Бұл туралы Lavanguardia порталында жазылыпты. 

АҚШ-тың Гарвардтың қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің медицина ғылымдарының докторы Марта Гуаш Ферренің сөзінше, грек жаңғақтары жүректің қызметін жақсартады екен. 


Сарапшы басқа жаңғақтармен салыстырғанда грек жаңғағында альфа-линолен қышқылы көбірек болатынын айтады. 


"Бірқатар зерттеулердің нәтижесінде грек жаңғақтары жүректі аурулардан сақтайтыны анықталды", -дейді маман. 


Бұған қоса Ферре өнімнің қабынуға және улануға қарсы қасиетін атап өтті. 
 
18 мамыр 2020 ж. 264 0