Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысы
Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінде Қызылорда облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің № 2 сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман, мемлекеттік аудиторы М. Есенбаевтың қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелдің өту барысында М. Есенбаев Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысты біршама мәселелерге тоқталып, ол бойынша өткізілетін іс -шаралардың өз дәрежесінде орындалуы маңызды екенін айта отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осымен қоса, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы»№ 434 Заңында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Қағидаларында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысты баптар мен тармақтарға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Н.Бектібаев