Хабарландыру
Жалағаш аудандық Әділет басқармасы, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2017 жылғы 9 қарашадағы №1408 бұйрығымен 2017-2022 жылдарға арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 7 тармағын тиімді орындау мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы базасында құқықтық мәселелер бойынша консультациялық алаңдар құру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бойынша «ХҚКО» Жалағаш аудандық бөлімінің ғимаратында 20.06.2018 жылы сағат 10:00-де адвокат, жеке нотариус, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы, Жастар ресурстық орталығы, жер қатынастары бөлімі, Жылжымайтын мүлік орталығы өкілдерінің қатысуымен халыққа консультациялық және заң көмегін көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізілетінін хабарлайды.
Жалағаш аудандық Әділет басқармасы