ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ 10 МІНДЕТ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауының 10 міндетін талқылау жəне түсіндіру мақсатында "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-сі мен Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық электр торабы ұжымымен кездесті. Кездесу барысында "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің бөлім басшысы А.Қожамұратов пен Қызылорда облысы əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ-нің аудандық сарапшысы Г.Мəлік кездесу мақсатын айта отырып, Елбасының биылғы жолдауының негізгі мазмұны мен ондағы ашық көрсетілген 10 бағыт туралы ақпараттармен кеңінен бөлісті. Сондай-ақ электр торабы қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Жаңалықтар / Руханият 18 қаңтар 2018 ж. 2 154 2
Пікір 2