ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ 10 МІНДЕТ!!!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауының 10 міндетін талқылау жəне түсіндіру мақсатында "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Жалағаш интустриалды-аграрлық колледжнің студенттерімен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің бөлім басшысы А.Қожамұратов пен Жалағаш интустриалды-аграрлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Әбдібеков кездесу мақсатын айта отырып, Елбасының биылғы жолдауының негізгі мазмұны мен ондағы ашық көрсетілген 10 бағыт туралы ақпараттармен кеңінен бөлісті. Сонымен қатар, колледж студенттерін аудан абыройын көтеру, белсенді жастардың әлеуетін жақсарту мақсатында бірлесіп жұмыс жасауға, аудан үшін әрқайсысы өз үлесін қосуға шақырды.
#ЕлбасыЖолдауы
#ЖалағашАуданы
#ЖастарРесурстықОрталығы
#ТемірқазықҚоғамдықБірлестігі
#ЖалағашИндустриалдыАграрлыКолледжі
Пікір 1