» » Қауіпті індеттің екінші толқыны болуы мүмкін бе?

Қауіпті індеттің екінші толқыны болуы мүмкін бе?

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров елімізде коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көпжасаровтың сөзінше, вирустың екінші толқыны күздің екінші жартысында болуы мүмкін.

"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтау керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады", - деді ол.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев COVID- 19 жаңа вирус инфекциясы болғандықтан, екінші толқынды болжау мүмкін емес екенін айтты.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.
09 мамыр 2020 ж. 354 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930