» » Министрлік: Блок-бекеттерді алатын уақыт келмеді

Министрлік: Блок-бекеттерді алатын уақыт келмеді

блок постҚР денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев қалалар сыртындағы блок-бекеттерді алуға әлі ерте екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бүгінгі күні қалалар арасындағы блокпостар әлі де сақталады және облыстар мен өңірлер арасындағы қозғалысқа да шектеу бар. Қазіргі уақытта аталған блок-бекеттерді алып бастауды көздеп отырған жоқпыз. Бұл, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың әртүрлі болуымен байланысты. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Айталық, соңғы бірнеше күн бойы Шымкент қаласы мен Атырау облысында айтарлықтай өсім орын алуда. Өңірлер арасындағы карантин шараларын жеңілдету және блок-бекеттерді алу инфекцияның Шымкент қаласынан Түркістан облысына немесе Атырау облысынан оған жақын өңірлерге таралуына әкелуі мүмкін», - деді комитет басшысы. 
Айтуынша, ұшақта коронавирус жұқтыру қауіпі өте төмен екен. 
«Ұшақта болу уақыты қысқа екендігін түсіну қажет. Нұр-Сұлтаннан Алматыға дейін 1,5 сағат қана ұшасың. Тәуекел айтарлықтай үлкен емес. Ал халықтың бір өңірден екіншісіне жаппай қозғалуының тәуекелі өте жоғары. Адамдар өңірлердің арасында автомобильмен жаппай жүре бастайтындығын түсіну қажет. Ал ол адамның бұған дейін қайда болғанын, кіммен қарым-қатынаста болғанын ешкім білмейді», - деп қосты Сұлтанғазиев.
Еске салайық, бұған дейін 25 мамырдан бастап бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданатыны жайлы айтылған еді. 
18 мамыр 2020 ж. 287 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930