» » Тоқаев: Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады

Тоқаев: Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде әрбір адам бетперде тағуға міндетті екенін еске салды. Себебі қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артқан деп хабарлайды kaz.nur.kz.

"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", - деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы бұған дейін де коронавирустың таралу қаупі сейілмегенін айтып, азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған болатын. Айта кетейік, қазіргі таңда ел аумағында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 8531-ге жетіп отыр. Өткен тәулікте тағы 209 адамнан COVID-19 анықталған. Ал ауру өсімі 2,5% құраған. Вирус жұқтырғандар әсіресе өңірлерде көбейіп кеткен. Мәселен өткен тәулікте COVID-19 анықталған 209 адамның 33-і Қарағанды облысынан, 33-і Жамбыл облысынан, 28-ы Батыс Қазақстан облысынан, 12-і Атырау облысынан, 10-ы Павлодар облысынан.


26 мамыр 2020 ж. 357 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930