» » ЦентрКредит Банкі карта өнімдерін тегін жеткізу сервисін іске қосты

ЦентрКредит Банкі карта өнімдерін тегін жеткізу сервисін іске қосты

ЦентрКредит Банкі карта өнімдерін тегін жеткізу сервисін іске қосты. Біз жеткізе бастаған бірінші карта – әлеуметтік және өзге төлемдерге арналған #baribir картасы. Енді әлеуметтік картаны алу үшін бөлімшеге келудің қажеті жоқ, курьер картаны сізге ыңғайлы уақытта және орынға апарып береді.

БЦК


«#baribir әлеуметтік картасы – бұл қазіргі оңай емес жағдайда ҚР азаматтарының негізгі қажеттіліктеріне жауап беретін өнім, - деп пікір білдірді Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов, - Біз еліміздің азаматтары үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етуге тырысудамыз, осы орайда оқшаулану шараларын сақтау үшін оларға барлық жайдайды жасап жатырмыз».

«ЦентрКредит Банкінің #baribir атты әлеуметтік картасы клиенттерге өз қауіпсіздігіне алаңдамай-ақ, ақшалай төлемдер мен жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді. Барынша жайлылықты сезіне отырып, сіз әлеуметтік картаны үйіңізден шықпай-ақ тегін рәсімдеп, жеткізу қызметіне тапсырыс бере аласыз, - дейді Банктің Басқарушы директоры Павел Кравченко, - Картаға тапсырыс беру өте оңай, банктің сайтына bcc.kz/socialcard сілтемесі бойынша өтіңіз және «жеткізу» опциясын таңдаңыз».

#baribir картасымен бәрі тегін:
• шығару және смс-хабарландыру;
• басқа банктің карталарына айына 200 мың теңгеге дейін ақша аудару;
• дүние жүзі бойынша кез келген банкоматтан айына 1 млн теңгеге дейін қолма-қол ақша алу.

Қызмет еліміздегі банктің өкілдігі бар 19 қалада қолжетімді: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Талдықорған, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Орал, Түркістан облысы, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Қостанай, Тараз, Көкшетау, Жезқазған, Павлодар, Петропавл.
Келесі кезеңмен Банк қолданыстағы барлық карталарды жеткізуді іске қосуды жоспарлауда.

stan.kz

05 маусым 2020 ж. 442 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930