» » Қазақстанда үй карантинін бақылауға арналған мобильді қосымша енгізілді

Қазақстанда үй карантинін бақылауға арналған мобильді қосымша енгізілді

Елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жеке зертханалардың ақпараттық жүйелерін Ұлттық сараптама орталығының зертханалық ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етуді және үй карантинін бақылауға арналған мобильді қосымшаны енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

телефон

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 6 маусымдағы қаулысында "үй карантинінде, оның ішінде COVID-19 симптомсыз нысандары бар емделушілерді қашықтан бақылау үшін мобильді қосымшаны енгізуді қамтамасыз ету" атап өтілген.

Сондай-ақ жеке зертханалардың ақпараттық жүйелерін "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК зертханалық ақпараттық жүйесімен COVID-19 тестілеу нәтижелерін беру бөлігінде интеграциялауды қамтамасыз ету тапсырылды. 

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан президенті іс басқармасы ведомствосының басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы", - делінген қаулыда. 



08 маусым 2020 ж. 226 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930