Елімізде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттігі кеңейтілді

Отырысқа денсаулық сақтау Елжан Біртанов қатысты.
«Бас санитар дәрігер қаулы шығарып елдің барша аумағында шектеу шараларын енгізе алатын болады», – деп хабарлады министрлік.Енді бұл үшін нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетті болмайды.
«Қазіргі уақытта бұл қиындық тудырып отыр. Өйткені өзгеріс аптасына бір рет енгізіледі. Ал тіркеу процесі ұзақ уақытты талап етеді», – деді ведомствода.Бас санитар дәрігер мемлекеттік шекара арқылы кіріп-шығуға шектеу енгізу құқығына ие болады.
Сондай-ақ, карантин аймақтарын бекіту, инфекция таралуынан қорғау аймақтарындағы эпидемияға қарсы шараларды толықтай үйлестіре алады.