» » Шілде айының аяғында Қазақстанда 200 өкпені жасанды желдету аппараты шығарылады

Шілде айының аяғында Қазақстанда 200 өкпені жасанды желдету аппараты шығарылады

Шілде айының аяғына дейін елімізде тағы 200 өкпені жасанды желдету аппараты шығарылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол алты ай ішінде желдеткіштерге деген қажеттілік жоғары болатынын атап өтті.
"Бүгінгі күні 380 желдету қондырғысы шығарылды, оның ішінде 164 қондырғы қолдануға дайын, 216 қондырғы зауыттық сынақтан өтуде. Қалған 200 желдету қондырғысы өндіріліп, ағымдағы жылдың шілдесінің аяғына дейін қолданысқа беріледі", - деді Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында.
Стационарлық желдеткіш құрылғылардың қосымша ассортиментін өндіруді ұйымдастыру мақсатында түрік және қытай серіктестерімен бірлесе отырып жұмыс жүргізілуде.
"Қазақстандық жоғары технологиялық жоба жасалуда. Ағымдағы жылдың шілдесінің аяғында компания өзінің жқмысын аяқтап, Денсаулық сақтау министрлігіне тестілеу үшін 20 қондырғыны тапсырады. Қалған 112 қондырғы үстіміздегі жылдың тамыз-қыркүйек айларында шығарылады", - деп толықтырды Атамқұлов.
Оның айтуынша, құрылғыларды өзіміздің жобалау бюромыз Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарымен бірлесіп жасайды.

19 маусым 2020 ж. 390 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930