» » Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды

Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жаңа басшы тағайындады. Бұл қызметке сыртқы істер министрі болған Бейбіт Атамқұлов келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бейбіт Атамқұлов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол ҚР сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын», - делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, президент аталған министрліктің басшысы болған Роман Склярды қызметінен босатып, оны премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындады.

«Роман Васильевич Скляр ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылсын», - делінеді Ақорда хабарламасында. 
19 қыркүйек 2019 ж. 801 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930