» » Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылсын», - делінген құжатта.
Марат Мұханбетқазыұлы 1960 жылы дүниеге келген. Социологиялық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, Ресей Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, ҚР Саяси ғылым академиясының академигі. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы, Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, ҰҚК төрағасы, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - Ішкі саясат басқармасының бастығы, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметтерін атқарған.
1-ші дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
24 наурыз 2019 ж. 1 125 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930