» » Назарбаев көмекшісін және Қауіпсіздік кеңесі хатшысын тағайындады

Назарбаев көмекшісін және Қауіпсіздік кеңесі хатшысын тағайындады

ÐазаÑбаев өзÑне көмекÑÑ Ð¶Óне ÒаÑÑпÑÑздÑк кеңеÑÑнÑÒ£ ÑаÑÑÑÑÑн ÑаÒайÑндадÑ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ғабит Байжановты президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы СартаевқаҚазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелгені мәлімделеді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.


https://kaz.nur.kz

20 қыркүйек 2018 ж. 915 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 062

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031