» » Байқоңырда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

Байқоңырда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

коронавирус

Байқоңыр қаласында Covid-19 коронавирусынан алғашқы өлім тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Марқұм "Байқоңыр"  ғарыш айлағының қызметкерлері тұратын жерде өмір сүрген.
"Байқоңыр" кешені аймақтық басқармасының ақпараты бойынша, 2020 жылғы 18 маусымдағы сағат 16.00 - дегі жағдай бойынша, Байқоңыр қаласында: тіркелген жағдайлар саны - 56; сауығып кеткен адамдар саны - 10; амбулаторлық емделуге шығарылған адамдар саны - 7; қайтыс болғандар саны - 1", - делінген қалалық әкімшіліктің сайтында.
Марқұм ғарыш айлағында жұмыс істей ме, жоқ па, бұл жағы хабарланған жоқ.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 науқас көз жұмды.

19 маусым 2020 ж. 408 0