Қызылордада заңсыз дәрі сатудың 23 дерегі анықталды
Қызылордада заңсыз дәрі-дәрмек сатудың 23 дерегі анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Оның 11-і заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, дәрілік заттарды жоғары бағада сатқан», – деді өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс -қимыл басқармасының бастығы Ерболат Төреахметов мәлімдеді.«Аймақта «Дексаметазон» дәрілік препаратының (инъекцияға арналған ерітінді) бір ампуласы 1500 теңгеден сатылған. Оның тегін берілуге жататыны немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру жүргізілуде», – деді экономикалық тергеу басқармасының басшысы Ардақ Биғалиев.Мұнан өзге, облыс дәріханаларының бірінде елімізде тіркелмеген дәрінің сату фактісі анықталды.
– Департамент қызметкерлері жасырын сатып алушы ретінде дәріханаға барып, тексеру жүргізді. Тексеру барысында сатып алынған вирусқа қарсы «Осельтамивир-Акрихин» дәрісінің бір қорабы 8 521 теңгеден екенін анықтады. Оның жалпы сомасы 25 563 теңгені құрады. Аталған факт бойынша жинақталған материал облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді, – деді А.Биғалиев.