» » 42500 теңге жәрдемақыға өтініш қай кезден бастап қабылданады

42500 теңге жәрдемақыға өтініш қай кезден бастап қабылданады

Хабарламалар мен әлеуметтік желілердегі 42 500 теңге төлеміне өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Хабарламалар мен әлеуметтік желілерде таратылатын 42 500 теңге мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алуға өтініштер қабылдау үшін веб-сайттың іске қосылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген министрліктің Facebook парақшасында.
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруының жағдайын тұрақтандыру жөніндегі шектеулі шаралардың енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлем жасау ережелерін әзірлеуде.
«Біржолғы төлемді тағайындау туралы өтініштерді қабылдау 17 шілдеде басталады деп жоспарлануда. Біржолғы төлем 20 шілдеден басталады деп тағайындалады.  Азаматтардан жалған мәліметтерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден оқуын сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен жауапқа тартылатындығын ескертеміз», - деп толықтырды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

16 шілде 2020 ж. 372 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930