» » Елдегі карантин кезінде табиғатқа шығуға бола ма? Министр жауап берді

Елдегі карантин кезінде табиғатқа шығуға бола ма? Министр жауап берді

табиғат

Әділет министрі Марат Бекетаев қазақстандықтарға табиғатқа демалуға бола ма деген сұраққа жауап берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Демалысты нақты қайда жоспарлап отырғаныңызды қарауыңыз керек. Әкімдіктер шектеу қойған орындар бар, бұл адамдар көп жиналатын орындар - қалалық жағажайлар, саябақтар. Әрине, онда болу заңбұзушылық болып саналады", - деді Бекетаев ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында.
Министрдің айтуынша, табиғатқа бір отбасы мүшелері шығуға рұқсат етіледі.
"Жалпы табиғатқа шығуға болады. Адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек. Егер бірнеше отбасы бірге болса, онда бұл әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзу. Бір отбасы жүре алады. Бұл ретте барлық ережелерді сақтау керек", - деп қорытындылады Әділет министрі.

16 шілде 2020 ж. 284 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930