Мәскеулік дәрігерлер пандемиямен күресу үшін Қазақстанға келді
Мәскеулік дәрігерлер бригадасы коронавируспен күресуде жергілікті дәрігерлерге көмектесу үшін Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мәскеулік 15 дәрігерден құралған топ жергілікті мамандарға COVID-19 ауруы бар науқастарды емдеуге көмек көрсету үшін Қазақстанның солтүстігіндегі Қостанай облысына аттанды. Мультидисциплинарлық медициналық бригаданы Н.В. Склифосовский атындағы ҒЗИ төтенше жағдайларда жұмыс істеуге арналған мамандандырылған медициналық көмек бригадалары отрядының меңгерушісі Олег Черныш басқарады", - делінген Мәскеу қаласының денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.Бұл - жергілікті дәрігерлерге коронавируспен күресуде көмек көрсету үшін Қазақстанға жіберілген екінші мәскеулік дәрігерлер тобы.
Бригаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері - пандемия кезеңінде Қазақстан аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды зерттеу және жергілікті денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау бойынша іс-шараларды әзірлеу.
Бригадалар COVID бойынша ашылған стационарларға барады, емханаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерді қарайды, түрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқыту семинарларын өткізеді.
"Топ құрамында хирург, анестезиолог-реаниматолог, пульмонолог, инфекционист, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, анестезист-мейірбикелер және коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуде үлкен тәжірибеге ие басқа да мамандар бар. Олар Н.В. Склифосовский атындағы жедел жәрдем институтының, Мәскеу қаласының қалалық ауруханасының, М.П. Кончаловский атындағы аурухананың, Коммунарктегі № 40 және № 67 аурухананың, А.С. Логинов атындағы орталықтығ, № 2 жұқпалы аурулар ауруханасының және № 121 клиникалық-диагностикалық емхананың дәрігерлері", - делінген хабарламада.