» » КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЖАРЫС

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЖАРЫС

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен гір көтеруден ересектер арасында жекелей жарыс өтті. Алғаш рет "ZOOM" бағдарламасы бойынша онлайн жүйеде өткізілген жарыста қала мен аудандардың спортшылары бақ сынасты.
Жарыс ережесіне сәйкес спортшылар 32 келілік тасты серпе көтеруден сайысқа түсті. Әр қатысушыға 10 минут уақыт берілді. Нәтижесінде 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жалағаштық Ерасыл Әубәкір екі қолмен 32 келі тасты 61 рет көтеріп, топ жарды. Осылайша ол қарсыластарынан басым түсті.
Ерасылдың бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 2 жылдан аса уақыт болды. Аталған мерзім ішінде спортшы ел біріншілігінде 2-ші орынды алып үлгерген. Облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.
Осы салмақта сынға түскен қазалылық Жәнібек Аралбаев 32 рет көтеріп, күмісті иеленсе, қармақшылық Ермек Пазлиев 28 рет көтеріп, қола жүлдені еншіледі. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар берілді.

“ЖЖ” ақпарат
28 шілде 2020 ж. 275 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930