» » Біздікілердің бәрі бірінші

Біздікілердің бәрі бірінші

Жастар жылының алғашқы облыстық біріншілігі Арал қаласында өтті. Онда әр өңірден келген жасөспірімдер гір спорты бойынша сайысқа түсті.
Жарысқа қатысқан жерлестеріміз №202 орта мектеп оқушылары Нұрбол Рахымбек, Қайсар Төлеген және Ерасыл Әубәкір жасөспірімдер арасында 1-орынды жеңіп алды. Ересектер арасында аудандағы гір спортының аға жаттықтырушысы Абдулхасан Сейтенов 85 кг салмақта облыс чемпионы атанды. Сонымен бірге, ЖИАК оқу орнының екінші курс студенті Ислам Мажиев үздік өнер көрсетіп, алғашқы орынды иеленді.
Негізі, бұл жарыстың мақсаты Ақтөбе облысына гір спортынан ҚР Чемпионатына баратын спортшы жастарды анықтау болатын. Осы жарыстың қорытындысы бойынша Жалағаштың 5 спортшысы өз салмақтарында облыс чемпионы атанды.
Айта кеткен жөн, гір спорты бойынша аудан құрама командасын дайындау, спортшылардың спорттық деңгейін жақсарту үшін 2016 жылы «Наркескен» спорт клубында арнайы үйірме ашылған еді. Осы жұ­мыстардың нәтижесінде өңірде гір спорты дамып, онымен айналысқысы келетін жас­тардың қатары артты.
– Гір спорты бойынша ауданымыз жасөспірімдер арасында облыста алдыңғы бірінші орында келеді. №202 орта мектеп оқушысы Ерасыл Әубәкір облыстың бірнеше дүркін чемпионы атанып, облыстың құрама командасы атынан ҚР Чемпионаттарында бақ сынап жүр. Сонымен қатар, ҚР мектеп және колледж студенттері арасындағы спартакиадаға іріктеу жарысында оза шауып,­ жалағаштық 3 спортшы облыс атынан бақ сынады. Ауданымыздың гір спорты бұдан әрі әлемдік деңгейге жетеді деп сенеміз, – дейді спорт мамандары.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

02 ақпан 2019 ж. 1 205 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930