Әлем чемпионатынан 7 медаль иеленді
Астана қаласында жасөспірімдер, жастар, кадеттер, ерлер, қыздар және ардагерлер арасында грэпплинг ги мен ноу-гиден Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі бәсекеде Қызылорда облысынан 6 спортшы қатысып, жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдарды жеңіп алды.
«Қажымұқан» спорт клубында тәлім алатын спортшылар 24 мемлекеттен қатысқан жарыста еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтатты.
Жасөспірімдер арасында грэпплинг ги бойынша Алижан Алматов (46 келі) пен ардагерлер арасында ноу-гиден Жалын Романқұлов (62 келі) Әлем чемпиондары атанды.
Қыздар арасында грэпплинг гиден Айғаным Бектібаева (53 келі) және ардагерлер арасында ноу-гиден Қанат Пірімжанов (77 келі) күміс жүлделерге ие болды.
Грэпплинг ноу-гиден жасөспірімдер арасында Нұрдәулет Кеңесов (53 келі), қыздар арасында Айғаным Бектібаева (53 келі) және Нұртілеу Нұрадинов (77 келі) қола жүлделерді еншіледі.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Арман Мәделханов пен жаттықтырушы Жанат Мұратова дайындады.
Айта кетейік, спортшылар үстіміздегі жылдың 21-23 қыркүйек күндері Қызылорда қаласында панкратионнан жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындаөтетін ҚР кубогына қатысады.

Пікір 4