» » Азия және Әлем чемпионаттарына жолдама алды

Азия және Әлем чемпионаттарына жолдама алды


Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыстардан 400-ге жуық самбошылар қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Самбодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Дархан Сержановтың айтуынша, жеңімпаз атанған спортшылар үстіміздегі жылдың мамыр айында Ұлан-Баторда (Моңғолия) Азия чемпионатына, қазан айында Тбилиси (Грузия) қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Жарыстар алдында сәуірде оқу-жаттығу жиыны болады.
Жеңімпаз спортшылар: 48 келі: Бибіхан Нәбиева (№1ОРМБЖМ), Дәулет Тұрғанов (№15ОРМБЖМ), 52 келі: Диана Ғайбулла (№8ОРМБЖМ), 70 келі: Аида Файзолла (№1ОРМБЖМ), 75 келі: Арайлым Оразбай (ОСДБАМИ).
Күміс жүлдегерлер: 60 келі: Аружан Сатова (№1ОРМБЖМ), +75 келі: Айдана Кенжебай (№1ОРМБЖМ).
Қола жүлдегерлер: 56 келі: Зульфия Баянова (№1ОРМБЖМ), 60 келі Нұршат Әбілтаев (№16БЖСМ), 65 келі: Ержан Аббазов (№15ОРМБЖМ), 87 келі: Еңбек Сақтағанов (ОСДБАМИ).
30 қаңтар 2018 ж. 980 0