Абу-Дабиде қазақстандық джиу-джитсу шеберлері 9 медаль жеңіп алды
Абу-Даби қаласында өткен джиу-джитсудан Grand Slam World Tour халықаралық турнирінде отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық турнирге Қазақстаннан 17 спортшы қатысты. Алтын медальді Айдар Түлейбаев (қоңыр белбеу), Ядгар Қасымов (қоңыр белбеу) және Мигель Мамырбаев (көк белбеу) жеңіп алды. Ал күміс жүлдеге Арлан Шабдарбаев (қызылкүрең белбеу), Ержан Естанов (көк белбеу), Мұхамедияр Құдайқұлов (қызғылт-сары белбеу) және Османжан Қасымов ие болды. Қола медальға Төлеген Құмаров (қоңыр белбеу) пен Батыр Мұратұлы (ақ белбеу) қол жеткізді.
Айта кетер жайт, аталған халықаралық турнирдің келесі кезеңі наурыз айының 10-ы мен 11-і күндері Лондонда өтеді.
Пікір 2