Қазақстандық дзюдошы қыздар Бакуде 7 бірдей медальді жеңіп алды
Бакуде түркі тілдес халықтар студенттері арасында универсиада ойындарында дзюдо бойынша сайыстар аяқталды.
Бұл туралы ҚР Дюздо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Қазақстан құрамасынан қатысқан барлық дзюдошылар жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғады. Ел қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар.
Сайыста 52 келі салмақ дәрежесінде Диана Аипова, 63 келі салмақ дәрежесінде Айгерім Жұмаділла, 70 келі салмақ дәрежесінде Ділбар Өміралиева және 78 келі салмақ дәрежесінде Нұрғаным Тұршабек өнер көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды.
Ал Динара Абильдаева (57 кг) мен Абиба Абужақынова (48 кг) күміс жүлдені, Азиза Марова (-78 кг) қола жүлдені еншіледі.
stan.kz
Пікір 2