» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН 13 АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН 13 АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ


Жасөспірімдер арасында бірлік бәсекесінде сынға түскен Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат және № 5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Эльнура Нурланова 200, 500, 1000 және 3000 метр қашықтықта 4 алтын жүлдені жеңіп алса, Диас Бахраддин 1000, 5000 м.қ. екі мәрте алтын, 500 м.қ. күміс жүлделерге қол жеткізді.
Жастар арасында бірлік сынында бақ сынасқан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Қожахмет Алтынбек пен Гүлжайна Тыныбекованың мерейі үстем болды.
Қожахмет 500, 1000, 5000 м.қ. 3 алтын, ал Гүлжайна 200, 500, 1000 және 3000 м.қ. 4 алтын медальдарға ие болды. Сондай-ақ, Темірғали Орақбаев 5000 м.қ. қола жүлдені еншіледі. Спортшыларды Мұхитдин Мейірбеков пен Диана Қазиева дайындады.


30 наурыз 2018 ж. 1 059 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 190

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031