ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУҒА ТИІСПІЗ
Жыл басынан бері әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індеті әлі де таралуда. Пандемиямен күресуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, бүкіл әлем атсалып, қолдан келген шаралар легін қабылдауда. Қазақстанды да айналып өтпеген індеттің беті қайтты деуге әлі де ерте. Босаңсып, еркінсуге де болмайды. Себебі коронавирусты жұқтырушылар саны осы күнге дейін толастаған жоқ.
Жалпы елімізде пандемияға байланысты наурыз айынан бері қауіпсіздік, алдын алу шаралары қабылданып, карнатиндік тәртіп енгізілді. Дерттің жұғу көрсеткішінің өсуі себепті эпидемиологиялық ахуал күшейіп, бірнеше рет ұзартылды. Екінші тамыз күні карантиндік ережелер тоқтатылады дегенмен, бүгін ел Президентінің тапсырмасымен тағы да екі аптаға ұзартылды. Бұл барлығымыз үшін қиын және алаңдатарлық жағдай. Бірақ эпидемиологиялық ахуалдың неліктен тағы ұзартылғанына да назар аудару керек. Соңғы апталардағы карантиндік қатаң тәртіптің, ережелердің күшеюінің нәтижесінде дертті жұқтырушылар саны азайған. Бұл да болса мобильдік топтардың, медицина қызметкерлерінің еңбегінің нәтижесі деуге болады. Расында ортақ тәртіпке бағыну, ережелерді сақтап, өз денсаулығымызға аса мән беру барлығымыз үшін міндет. Жақындарымызды, отбасымызды індеттен аман болуы үнемі дәрігерлер белгілеген ережелер мен ұсыныстарды қабылдауға жәрдем беруіміз керек.
Президенттің бұл мәселені шешудегі қабылдаған шаралары оң нәтижеге жеткізеді деп сенеміз. Бізден көмек тек тәртіпке бағыну, денсаулығымызға мұқият болу.
Нұрсұлу ТОРАҚБАЕВА,
№203 орта мектеп мұғалімі