» » Қазақстандық ғалымдар отандық препараттың коронавирусқа қарсы тиімді екенін айтты: Неге ол қолданылмайды

Қазақстандық ғалымдар отандық препараттың коронавирусқа қарсы тиімді екенін айтты: Неге ол қолданылмайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жасалып жатқан коронавирусқа қарсы препараттар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифинг барысында министр елімізде бірқатар дәрі дайындалып жатқанын айтты. Ол препараттар әуелі жануарларға тексеріліп, артынша пайдасы дәлелденгеннен кейін ғана қолданысқа берілетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда, пайдасы дәлелденген препараттың жоқ екенін жеткізді ол. 
"Желіде Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар ойлап табылғаны туралы ақпарат болды. Біз қазіргі таңда қандай препараттар дайындалып жатқаны туралы білеміз. Кез келген препарат Қазақстанда қатаң тексеруден өтеді. Әуелі жануаларға тексеріледі. Препаратттың қай жерде өндірілгеніне қарамастан, олар тексеруден өтеді. Отандық препараттарды қолдану туралы ақпаратқа қатысты, толыққанды тексеру жүргізіледі. Олар оң нәтиже берсе ғана, қолданылады. Қазақстанда жасалса да, басқа жерде жасалса да дәрінің пайдасы анықталуы керек", - дейді Цой. 


30 шілде 2020 ж. 317 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930