» » Қазақстандықтарға не үшін бетперде тағу міндеттелді: Денсаулық сақтау министрі түсіндіріп берді

Қазақстандықтарға не үшін бетперде тағу міндеттелді: Денсаулық сақтау министрі түсіндіріп берді

маска

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бетпердені міндетті түрде тағу туралы бұйрық шығарып, неге мұндай шешім қабылдағанын түсіндіріп берді. Ол бетпердесі жоқ адамдарға айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, ол тек Қазақстанда ғана емес, бірқатар шет елдерде де жабық үй-жайларда да, ашық ауада да бетперде тағудың міндетті түрде енгізілгенін көрсетті. Мысалы, маскаларды міндетті түрде тағу бүгінде АҚШ-тың 43 штатында, Польшада, Австралияда, Словакияда, Вьетнамда қарастырылған", - деді Алексей Цой ОКҚ-де өткен брифингте.
"Инфекцияның таралуын азайтудағы бетперденің рөлі туралы көптеген пікірталастар туындайды. Зерттеулер жүргізілуде, олардың нәтижелері маскаларды тағудың тиімділігін көрсетеді. Ғалымдар халықтың бетпердені физикалық қашықтық пен карантинмен бірге қолдану пандемияны басқаруды қамтамасыз етеді деген қорытындыға келді", - деді министр.
Цой бетпердені міндетті түрде тағу туралы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және нормаларды орындамау жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салуға әкеп соғады деп мәлімдеді.
"Құрметті отандастар, тек бірге ғана біз коронавирустық инфекцияны жеңіп, жақындарымызды қорғай аламыз. Әр қазақстандықтан үйден тыс жерде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық пен гигиена талаптарын сақтауды сұраймын", - деді министр.

30 шілде 2020 ж. 401 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930