» » ӘМСҚ КВИ қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне ақы төлеуді жалғастыруда

ӘМСҚ КВИ қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне ақы төлеуді жалғастыруда

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл наурыздан маусым айына дейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 1 117,4 млн теңгеден астам қаржы төледі. Үстеме ақы үшін республикалық бюджеттен жалпы 1 559,13 млн теңге бөлінді.

Ең үлкен соманы (35% немесе 393,03 млн теңге) 3-ші тәуекел тобының қызметкерлері алды: провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлер, сонымен қатар санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері жұмысқа тартылған жағдайда. Ал саны бойынша 3-ші тәуекел тобының медицина қызметкерлері басым – үстеме ақы алған барлық медицина қызметкерінің 51% немесе 3 363 мың адам.

Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 520 астам қызметкер үстеме ақы алатын болса, маусым айында олардың саны 2 393 адамға дейін артты.

Бұдан басқа, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы медициналық ұйымдарды қолдау шаралары қабылданды.
«Қазір аурухана мен емханалар өте қиын жағдайда жұмыс істеуде. Оларды қолдау үшін Қор алғытөлем сомасын 50% дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендегенде базалық қаржыландыру жүргізіледі. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады», - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
04 тамыз 2020 ж. 318 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930