АНТИБИОТИК АУРУҒА ЕМ БОЛМАЙДЫ
Ә дегеннен АНТИБИОТИК алуға ДӘРІХАНАҒА жүгіре бермеңіз. Оның ПАЙДАСЫНА қарағанда ЗИЯНЫ көп екенін біле жүріңіз.
Қазір адамдар түшкіре қалса болды, антибиотикпен емделуді бастайды. Десе де мұның дұрыс еместігін білген жөн. Өйткені дәрінің бәрі сіздің саулығыңызға пайдалы емес. Әрбір ауруды емдейтін дәрі де әртүрлі. Тіпті, бір аурумен ауырған екі науқасқа бірдей дәрі ұсынылмайды. Өйткені адам ағзасы, иммундық жүйесі, тіпті, аурудың жағдайы әртүрлі болады. Сондықтан да қай жеріңіз қалай ауырса да міндетті түрде ДӘРІГЕРМЕН кеңесіңіз. Дәріхана сөресінде самсап тұрған антибиотиктің бәрі сізді ауруыңыздан айықтырмайтынын біліңіз.
Антибиотик деген не?
Ол қандай ауруларды емдейді? Кімге қолдануға болмайды? Қай кезде ем ретінде ұсынылады?
Антибиотик деген не?
Антибиотик – бактерияның көзін жоятын дәрі. Әлемдегі алғашқы антибиотик – пенициллин деп аталады. Бүгінде оның жүздеген атауы бар. Жалпы атауы антибиотик делінгенімен атқаратын қызметі әртүрлі. Антибиотик – ағзадағы бактериямен күреседі әрі оның дамуына кедергі келтіреді.
Антибиотикті қай кезде қабыладу керек?
Егер сіздегі инфекция бактерияның әсерінен пайда болып, ауруға шалдықсаңыз, онда антибиотиктің көмегіне жүгінесіз. Ал егер СУЫҚТАП ауырсаңыз, ТҰМАУ тигізсеңіз, ЖРВИ жұқтырсаңыз онда сізге АНТИБИОТИК көмектесе алмайды. Вирус бір мезетте тыныс жолдарын (мұрын, тамақ) және кеңірдек, өкпе, ішек жолдарын жаулайды. Тіпті, теріге ұшық, желшекшек, қызылша болып көрініс береді. Міне, бұл белгілерді де антибиотикпен емдеп қателікке бой алдырмаңыз.
Антибиотиктен қандай қауіп болады?
Аталған препаратты дұрыс қолданбасаңыз немесе басқа ауруды емдеу үшін ішсеңіз, онда мына жайсыздыққа ұрынатыныңыз сөзсіз:
Жүрегіңіз айниды;
Ішіңіз өтеді;
Ішіңіздің айналасы ауырады;
Басыңыз айналады;
Аллергиялық реакция болады.
Бұл жалпы әрі тез білінетін белгісі. Жоғарыда айтқанымыздай антибиотиктің түрлері өте көп әрі қолданылуы да әртүрлі. Мәселен, микробқа қарсы түрі балалар мен жүкті әйелдерге өте зиянды. Ал кейбір түрін күніне 3 рет, екінші түрін тәулігіне 1-ақ рет ішу керек. Енді бір антибиотикті тамақитан алдын, енді бірін тамақтан соң қабылдау керек. Тіпті, қандай сұйықтықпен ішуге болатыны, болмайтыны да қарастырылған.
Сондықтан да қандай дәріні қабылдаудан алдан міндетті түрде ДӘРІГЕРМЕН кеңесіңіз және НҰСҚАУЛЫҒЫМЕН танысыңыз.

Антибиотикті қалай дұрыс қабылдау керек?
Егер сіздің дертіңізге қарай дәрігер антибиотик қабылдауды ұсынған болса, міндетті түрде қатаң ережесін сақтаңыз. Бұл өте маңызды екенін ескеріңіз.
1. БІР УАҚЫТТА ҚАБЫЛДАҢЫЗ Егер сізге күніне үш рет ішу керек болса, әр 8 сағат сайын қабылдау керектігін ұмытпаңыз. Мәселен, бірінші дәріні сағат 7:00-де ішсеңіз, екіншісін 15:00, үшінші дәріні 23:00-де қаблыдау керек. Бұл қатып қалған уақыт емес. Бастысы бір уақытты қабылдау маңызды.
2. ТАМАҚТАНУДАН БҰРЫН НЕМЕСЕ КЕЙІН Егер сізге дәрігер тамақтанудан 30 минут бұрын антибиотик ішу керек десе, айтқанын бұлжытпай орындаңыз. Өйткені антибиотиктің ағзаға сіңіп, әсер етуі осыған байланысты. Сондықтан да ауруыңыздан толық әрі тез айыққыңыз келсе дәрігер ұсынған ережеге бағыныңыз. Антибиотиктің тамақтан алдын, тамақпен бірге немесе тамақтан кейін ішетін түрлері болады. Нақтырақ айтқанда, эритромицин, оксациллин, левомицетин дәрілерін тамақтан алдын, ал ампициллин мен цефалексинді тамақпен бірге қабылдау керек. Тетрациклинді сүтпен бірге қабылдау зиян. Ем кезінде алкоголь ішуге болмайды. Сонымен қатар грейпфрут жемісін де жеуге болмайды. Негізінде дәрігер сіздің ауруыңыздың жағдайына қарай дәрімен бірге диета да ұсынады. Дертке қарай жейге болатын немесе болмайтын тағамдар қосылады. Осыны да ескеру керек.
3. БІР РЕТ ҚАБЫЛДАҒАН АНТИБИОТИКТІ ЕКІНШІ РЕТ ҚАБЫЛДАУҒА БОЛМАЙДЫ Егер сізге дәрігер емді үзбей 10 күн қабылдаңыз десе, орындаңыз. 2-3 күннен кейін өзіңізді жақсы сезінесіз. Бұл аурудан айықтыңыз деген сөз емес. Емді тастау аурудың созылмалы түріне ұласуы ықтимал. Көпшілігіміз дәрігер ұсынған дәріні 3-5 күн аламыз да, аурудан айыққан соң тоқтата саламыз. Арада біраз уақыт өткен соң тағы да солай ауырамыз. Сөйтеміз де қораптағы алдыңғы емнен қалған дәріні ішіп бастаймыз. БІРАҚ, бұл өте ҚАТЕ шешім. Өйткені сіздің алдын ішкен дәріңіздің енді әсері болмауы мүмкін. сондықтан да қалай ауырсаңыз да міндетті түрде дәрігердің қабылдауына барыңыз.
Материал түрлі дереккөздерінен алынды
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,