Сарапшылар: антибиотиктерді бақылаусыз қабылдамаңыз
Қазіргі кезде әртүрлі топтағы және әсер ету спектрі кең көптеген антибиотиктер шығарылады. Ауруларды тудыратын бактериялар емдеу кезінде қолданылатын антибиотиктерге қарсы резистентті (төзімді) бола бастайды. Бұл антимикробтық резистенттілік деп аталатын кәдімгі бейімделу процесі. Оның дамуы антибиотиктердің әсер ету мерзімінің шектеулі екендігін, ал оларды орынсыз және негізсіз қолданылуы антибиотиктерге резистентті бактериялардың пайда болуына және таралуына әкелетінін білдіреді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына сілтеме жасап.
Антимикробтық резистенттілік проблемасы пациенттерге үлкен нұқсан келтіреді: вирустар, бактериялар, зеңді қоздырғыштар, қарапайымдылар және гельминттер тудыратын инфекциялық аурулар үйреншікті препараттармен емдеуге келмейді.
Бір жағынан, антибиотиктерді дұрыс емес қолдану адамдардың оларды тұмауға және суық тиюге қарсы қолдануымен түсіндіріледі. Тұмау және суық тию, сондай-ақ көптеген ангина және бронхит жағдайлары бактерияларға емес, вирустарға байланысты, сондықтан мұндай жағдайларда антибиотиктерді қабылдау аурудан жаздырмай, пайдадан гөрі зиян әкеледі. Өйткені антибиотиктер емдеуге төзімді келетін қоздырғыштар тудырған инфекцияның ары қарай даму қауіпін арттырады.
Мынадай қадамдар жасаған маңызды:
- Антибиотиктерді дәрігердің рецептісінсіз сатып алмаңыз.
- Дәрігердің антибиотиктерті әр инфекциялық ауру кезінде тағайындауын күтпеңіз. Көптеген респираторлық инфекцияларды, оның ішінде суық тиюді және тұмауды вирустар тудырады. Антибиотиктер тек қана бактериялы инфекциялдарды ғана емдейді; егер олар сіздің ауруыңызға көмектеспесе, онда бұл дәрілердің қажеті болмайды, ал оларды қолдану бұдан кейін сіздің жағдайыңызды қиындатуы мүмкін.
- Егер Сізге антибиотик тағайындаса, оларды дәрігердің немесе фармацевттің нұсқауларына сәйкес қабылдаңыз. Өзіңізді жақсы сезіне бастасаңыз да, тағайындалған емдеу курсын аяғына дейін жеткізіңіз. Егер сіз мұны жасамасаңыз, инфекция қайтадан пайда болуы мүмкін.
- Басқа адамға тағайындалған немесе басқа ауру кезінде тағайындалған дәрілерді қабылдамаңыз.
- Инфекцияның алдын алуға тырысыңыз. Қолыңызды үнемі жуып жүріңіз және өз отбасыңыздың мүшелеріне және әріптестеріңізге солай істеуге кеңес беріңіз.
- Вакцинациялау арқылы кейбір бактериялы инфекциялардың алдын алу маңызды қадам болып табылады.
Есіңізде болсын
- Антибиотиктер әрдайым қажет болмайды.
- Оларды шамадан тыс қабылдау және дұрыс емес қолдану антибиотиктерге төзімділікке әкеледі.
- Антибиотиктерге төзімділік ауруларды созады және өлім жағдайларының санын арттырады.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
baq.kz