» » Қазақстанда 3 қазаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау мүмкін болмайды

Қазақстанда 3 қазаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау мүмкін болмайды

2020 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңге болатын банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірге қолма-қол айналымнан алынған банкноттарды ұлттық валютаның жарамды банкноттарын айырбастау тек Ұлттық банктің филиалдарында жүзеге асырылады.
"2006 жылғы үлгідегі банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Осы банкноталардың айналым мерзімі аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың 3 қазанында Ұлттық банктің филиалдары оларды қабылдамайды және қолданыстағы банкноттарға айырбастайды. Осы күнге дейін банкноттарды Ұлттық банктің барлық аймақтық филиалдарында айырбастауға болады", - деп түсіндірді Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.
Ұлттық Банк филиалдарының мекен-жайлары мен байланыстары туралы ақпаратты қаржылық реттеушінің веб-сайтынан алуға болады.

26 тамыз 2020 ж. 410 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930