ҰБ өкілдері Ұлттық қордың 785 миллиард теңге шығыны жайлы мәліметті түсіндіріп берді
Ұлттық банк өкілдері БАҚ-тарда Қазақстан Ұлттық қорының 785 миллиард теңге мөлшеріндегі инвестициялық шығыны туралы мәліметті түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2018 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша басқару нәтижелері бойынша (-)785 миллиард теңге шығын 67 миллиард теңге мөлшеріндегі іс жүзіндегі инвестициялық кірістен және теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша (-) 852 миллиард теңге болатын теріс айырмадан тұратынын атап өтеміз, ол осы кезеңде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының нығаюына байланысты. Осылайша, 2018 жылғы 31 наурыздағы және 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ долларының бағамы тиісінше 318,31 теңге және 332,33 теңге болды", - деп түсіндірді банк өкілдері. Сондай-ақ, баспасөз қызметінің өкілдері 2018 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚР Ұлттық қорының инвестициялық кірісі оң теңгемен қайта бағалауды ескере отырып 400,9 миллиард теңгені құрағанын айтып өтті. "Кейбір БАҚ өкіллері ҚР Ұлттық қорының кірісі деп атайтын Қаржы министрлігі жариялайтын ҚР Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы 2018 жылғы 1 қыркүйектегі есепте қамтылған 1,2 триллион теңгені ҚР Ұлттық қорының кірісі деп атайтынын атап өтеміз. Ол кіріс емес. Ол 2018 жылғы 1-тоқсандағы теңгемен инвестициялық нәтижелерді ескере отырып қорға 2018 жылғы 8 айдағы нетто-түсімдерді көрсетеді", - деді қаржы институтының өкілдері.